Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Кеңес берудің 1-ші күні зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау мәселелері бойынша 100-ден астам адам хабарласты

2015 жылғы 16 наурыздан Қазақстанда алыс ауылдарда тұратын азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, «Қазпошта» АҚ және Халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарынан құралған мобильдік топтар жұмыс істей бастады.
Казахстан17 Наурыз , 15:07

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, мобильдік топтар алғашқы жұмыс күнінің қорытындысында еліміздің 8 өңірінде 24 ауылдық округті қамтыды. Зейнетақы және жәрдемақылар тағайындау мәселелері бойынша 100-ден астам азамат хабарласты. Мамандар құжаттар қабылдау ұйымдастырып, 12 адам әлеуметтік төлемдер тағайындауға құжаттарын өткізді.

Аталған мобильдік топтар көрсетілетін қызметтер (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) деңгейін арттырып, жайлылық пен оңайлатылған тәртіпті қамтамасыз етіп, мемлекеттік қызметтерді алуға кететін шығын мен уақытты үнемейді.

Мобильдік топтардың жұмысы пилоттық режімде жылдың соңына дейін созылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 1 млн. астам адам немесе ел халқының 15,4% Халыққа қызмет көрсету орталығы және Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшелері жоқ ауылдық елді мекендерде тұрады.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 12 наурызда «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Аталған меморандум ҚР Парламенті қабылдаған «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыруға бағытталған.

 

 




Яндекс.Метрика