Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ОСК Т.Сыздықовты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Т.Ы. Сыздықовты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі жөніндегі отырысы болды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Астана қаласы17 Наурыз , 12:34

Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:

1.«Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты ұсыну туралы шешім қабылданған Қазақстан Коммунистік Халық партиясының IX Кезектен тыс съезінің осы қоғамдық бiрлестiктiң Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттамасынан үзінді;

2.Т.Ы. Сыздықовтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы өтініші;

3.Т.Ы. Сыздықовтың өмірбаяндық деректері;

4.Т.Ы. Сыздықовты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;

кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.  

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы  2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. Т.Ы. Сыздықовтың кандидатурасын қолдап сайлаушылардың 98 384 рас қолы жиналды.

Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы
Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы шешім қабылдады.

 

 




Яндекс.Метрика