Адамзаттық капитал

ҚР ҚК-де компаспен бағдарлаудың үздік сержанттары іріктелді (Фото)

Алматы облысы аумағындағы Үшарал гарнизонында орналасқан 40398 әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес үздік сержанттарды айқындауға арналған конкурс болып өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы 17 Наурыз, 15:23

Әскери қызметшілер арасындағы бұл жарыс үш күнге созылды. «Сайыстың мақсаты – үздік маман-сержантты айқындау, сержанттардың бойында жауапкершілік, жеделдік, төзімділік қасиеттерін қалыптастыру және кәсіби даярлығын арттыру», – деп бригада сержанты 2-сыныпты ұлан сержанты Д.Шонатаев атап өтті.

Әскери қызметшілер компаспен бағдарлау, атыс жаттығуы, қорғану костюмін кию және алғашқы медициналық көмек көрсету сайыстарында әскери қызметшілерге іс жүзінде қажетті маңызды дағдылар бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Компаспен бағдарлауда штабтық батальонының арнайы ротасының сержанты 3-сыныпты ұлан сержанты Ш.Рақышев ерекше көзге түсті, атыс жаттығуында атыспен қолдау ротасының сержанты ұлан аға сержанты Д.Дүйсенбаев үздік атанды, қорғану костюмін кию және алғашқы медициналық көмек көрсету сайыстарында штабтық батальон взводының сержанты ұлан сержанты Т.Биболатов пен зениттік дивизионының сержанты ұлан аға сержанты А.Ысқақов озып шықты.

Мұндай конкурстың жыл сайын өткізілетінін атап өткен жөн. Оның басты мақсаты сержанттардың кәсіби даярлық деңгейін арттыру, сондай-ақ бағынысты жеке құрамды даярлау және оларды жауынгерлік рухта тәрбиелеу жөніндегі озық әдістемені жинақтау, енгізу болып табылады.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика