Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Сайлауалды науқаны халық арасында 3 әлеуметтік сауалнама бойынша өтеді – Демократия институты

Дауыс беру алдындағы науқаны туралы халықтың қоғамдық пікірі 3 кезең бойынша өтеді. Бірінші кезең – 15-25 наурыз аралығында, екінші кезең – 1-7 сәуір аралығында, 10-18 сәуір аралығында өтеді, деп хабарлады ОКҚ брифингінде «Демократия институты» жобалар директоры Юлия Кучинская.
Астана қаласы17 Наурыз , 12:03

«Біздің елде тұрақты түрде әлеуметтік зерттеулер жүргізілуде, Ол қоғамда өзекті мәселелерді талқылауда үнемі болып тұратын үрдіс. Оның ішінде әлеуметтік сайлауалды кезеңде әлеуметтік зерттеулер жүргізу өте өзекті, ол ақпарат көзі ғана емес, адамдардың пікірін білдіру бойынша негізгі орта болып есептеледі», - деді ол.

«Сайлауалды кезеңде халықтың қоғамдық пiкiрiн мониторингiлеу үш сатыда жүргiзiледi. 15 наурызда басталған бiрiншi кезең 25 наурызға дейiн жалғасады. Зерттеудiң екiншi кезеңi 1-7 сәуiр, үшiншi кезең 10-18 сәуiр аралығында жүргiзiледi. Бұл зерттеулердiң нәтижесiмен қоғамды таныстыратын боламыз», - дедi Ю.Кучинская. 

Әрбiр сауалнамаға Қазақстанның барлық өңiрлерi, Астана және Алматы қалаларынан 2000 респондент қатысады. Бұған қоса, сайлау күнi дауыс беру учаскелерiнен шыққан сайлаушылар арасында да сауалнама жүргiзiлмек. 

«Бұған дейiнгi әлеуметтiк зерттеулердiң қорытындысы бойынша елдегi қоғамдық-саяси жағдайды қалыпты деп бағалауға болады. Қазақстандықтардың 90 пайыздан астамы тәуелсiздiк, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықты елiмiздiң ең басты жетiстiгi мен құндылығы деп есептейдi. Қазақстандықтардың 92, 7 пайызы мемлекеттiк саясатты қолдайды. Жалпы, бүгiнгi тұрмысына көңiлi толатын азаматтарлың үлесi 81,8 пайызға жуықтайды», - деп толықтырды институт директоры. 

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика