Жұмыспен қамту мен еңбектің жаңа саясаты - Қазақстан – Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Ақтөбеде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша семинар өтті

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2001 жылдың Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының талаптарының орындалуы бойынша қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдерімен оқыту семинары өткізілді, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе17 Наурыз , 15:54

Семинарға жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері, Ақтөбе облысы бойынша кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, кәсіпкерлер палатасының өкілі және заңгер маман қатысты.

Семинар мақсаты: қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлеріне бос жұмыс орындар бойынша мәлімет ұсыну, ұжымдық келісім шар жасақтау, республикалық «Жұмыс» порталымен жұмыс жасау басқа да сұрақтар қаралды.

Сонымен қатар, заңгер маманымен Қазақстан Республикасының Енбек кодексінің талаптарын бұлжытпай орындау бойынша кеңестер берілді.Осы мақсаттағы семинарлар болашақта барлық меншік түріне қарамастан кәсіпорындар мен ұжымдармен өткізілетін болады.




Яндекс.Метрика