EXPO-2017

Ұлттық компанияда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің басты павильоны таныстырылды

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің басты нысаны әлемде баламасы жоқ Сфера болып табылады. Бірегей нысан туралы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы архитектуралық-құрылыс департаментінің бас менеджері Зәуре Айтаева айтып берді, деп хабарлады ЭКСПО-ның ресми сайты.
Астана қаласы17 Наурыз , 12:19

«Көрме кешені нысандарының ортасынан орын алатын Сфера ғимараты бірегей сәулет нысаны болуы тиіс. Сәулетшілер футуристік, жетілген пішіндерді іздеу барысында диаметрі 80 м болатын свералық көлемді таңдап алды. 8 қабаттық ғимараттың жалпы аумағы шамамен 26000 шаршы метрді құрайды. Сырты толығымен шынымен қапталады. Ал «ақылды» медиафасад үлкейтілетін графикалық және бейнесуреттердің көмегімен көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбын толығырақ ашуға мүмкіндік береді», - дейді Зәуре Айтаева.

Оның айтуынша, Сфераның өзінде музей болады, ал ғимараттың стилобат (жоғары) бөлігіндегі 5000 шаршы метр аумаққа «Қазақстан-Астана» павильоны орналасады. 

«Бірінші қабатта келушілерге еліміздің даму тарихы, халқымыздың мәдениеті туралы ақпар беретін тақырыптық маршрут ұйымдастырылады. Сфера жай ғана музей емес, инновациялық хаб әрі маңызды зерттеу және мәдени орталық болуы тиіс. Сандық, мультимедиялық және интерактивтік технологиялар музейдің 2-8 қабаттарындағы экспозициялық кеңістікті қабылдау мүмкіндігін кеңейтеді», - деді Зәуре Айтаева.

 

 




Яндекс.Метрика