Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстанның демократия институты ҚР Президентінің сайлауы барысында дауыс беру науқанына мониторинг жүргізеді (ФОТО)

«Демократия институты»ғылыми-зерттеу қауымдастығы»ҚБ «Қазақстанның Азаматтық альянсы»ЗТБ тапсырысымен ҚР Президентінің сайлауы барысында дауыс беру науқанына мониторинг жүргізеді , деп хабарлады «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Ильдар Катенов ОКҚ-да.
Астана қаласы 17 Наурыз, 11:36

«2015 жылдың 26 сәуірінде  Қазақстан өмірінде маңызды оқиға орын алады – ҚР Президентінің сайлауы. Әр сайлау саяси мәдениетіміздің  өсімін көрсетеді. Қоғамда демократияның нығаюының кепілі ашық және еркін сайлау өткізу болып табылады. Сайлау – ол негізгі құқық, оны пайдалану арқылы еліміздің әр азаматы мемлекеттің даму векторын анықтай алады. Осы ретте азаматтық қоғам шетте қалып кетпеу керек», - деді И. Катенов.

Оның айтуынша, Қазақстанның Азаматтық альянсы 500-ден астам ҮЕҰ басын біріктіреді. олар мемлекеттiң жұмысын бағалап, түрлi әлеуметтiк зерттеулер жүргiзедi. «Бұл ретте, біз  альянстың алдағы Президент сайлауын бағалауға қатысу маңызды деп есептейміз. Қазақстанның азаматтық альянсы 2012 жылы Мәжiлiс және мәслихат депутаттарын сайлау кезiнде электоралдық науқанның барысын бақылау бойынша тәжiрибе жинақтады. Биылғы жылы Президент сайлауы кезiнде бiз өткен жылдардағы тәжiрибе бойынша бұл науқаның барысын бақылаймыз, яғни exit-poll», - деп жалғастырды  атқарушы директор.

Сонымен қатар, Катенов хабарлағандай, тәжірибе көрсетіп отырғандай exit-poll сынды сауалнамалар сайлау нәтижесі туралы ақпарат алуға және дауыстарды бәсекелестер арасында бөлуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, Демократия институты елімізде 1995 жылдан бастап жемісті жұмыс істеп келеді.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика