Ұлтаралық бірлік

Қызылордада «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өтті

Облыстық ассамблея хатшылығы және Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған Балалар үйінде «Асар» әлеуметтік ынтымақтастық акциясы өткізілді.
Қызылорда17 Наурыз , 12:51

Балалар үйінің тәрбиеленушілері шағын концерттік бағдарлама ұсынып, оны толығымен Ассамблея тақырыбына арнады.

Сонымен қатар, өз орталығынан екі маман шақырып, балалардың соңғы үлгімен сәнді көрінуін  қамтамасыз етті.

Қоғамдық келісім орталығының директоры  Р.Ахметова өз сөзінде барша қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, қоғамдық келісім орталығының атынан бүлдіршіндерге балалар кітаптарын, оқу құралдарын, шахмат және доп түрінде сыйлықтар тарту етті.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика