Өңірлер

Қызылорда облысында БЖК бойынша құс етін өндіру кешені ашылады

«Тұран-Қазалы» ЖШС-і «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында құс етін (етті балапан) өндіру және қайта өңдеу мақсатында кешенді ашуды жоспарлайды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда17 Наурыз , 11:26

Компания «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында мүмкіндікті пайдаланып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің BAS бағдарламасына қатысуға және бизнес жоспар құруға өтініш берді. Аталған бағдарлама бойынша «ПРЭКО Кызылорда» консалтингтік компанияның эксперттері «Тұран-Қазалы» ЖШС-нің өтініші негізінде жоба жасап берді.

«Олардың инвестициялық жобасының мақсаты ауылшаруашылық саласында қаржылай тұрақты кәсіпорын құру мен оны дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында аталған саладағы құс етін өңдейтін фабрика жоқ, сондықтан жаңа заманғы құс етін (етті балапан) және жұмыртқа өндіру және қайта өңдеумен айналысатын кешеннің ашылуы жергілікті тұрғындарды экологиялық таза, табиғи өніммен қаматамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Жақын арада жүзеге асуы мүмкін жобаның аясында қолданылатын құрал-жабдықтар мен технологиялар сырттан келетін өнімнің бағасынан төмен болатын жоғары сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік береді. Онымен қоса, аймақтың жұмыссыздық деңгейі де төмендеуіне өз әсерін тигізеді. Жобаның жүзеге асуына қажетті қаражатты «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша бөлшек кепілдендіру мен несие пайызын субсидиялау құралдарын пайдалана отырып, екінші деңгейлі банкке несие рәсімделетін болды. 

Сондай-ақ, тағы бір қызылордалық компания «Самет» ЖШС-і Еуропалық қайта құру және даму банкінің BAS бағдарламасына қатысуға өтініш берді және мұнай өндіруге қажетті құрылғылар шығаратын завод құрылысы бойынша бизнес жоспар құруға қолдау тапты.

Еске сала кетсек, BAS бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бір бөлшегі болып табылады. Іскерлік кеңестік қызмет бағдарламасы арқылы кәсіпорындар дамудың жаңа сатысына өту үшін кеңестік қызмет пен басқарушылық «ноу-хау» қызметтеріне қол жеткізеді. Кәсіби кеңесшілердің көмегімен қазіргі таңда маңызды болып тұрған инвестиция тарту, сату көлемін арттыру, жаңа нарыққа шығу мен шығынды азайту, табыстылық деңгейін жоғарылату және бизнес-кезеңдердің тиімлігін арттыру сияқты мәселелерді егжей-тегжейлі түсініп, жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

 




Яндекс.Метрика