Евразиялық одақ

ЕАЭО аясында өндірістік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қоғамдық талқылау басталды- ЕЭК

ЕЭК сайтында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында өндірістік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары жобасы жарияланды, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссия.
Әлемде17 Наурыз , 10:36

«Мұндай құжат посткеңестік кеңістікте интеграциялық бірлестік аясында алғаш жасақталды. Ол жүйелі және орташа мерзімге 5 жылға есептелген», - делінген хабарламада.

Негізгі бағыттары мына міндеттерді орындауға арналған:

- ЕАЭО-ның ортақ нарығында өндірістік тауарлардың импорттын алмастыру;

- өндірістің қосылған құнын арттыру;

- қайта өңдеу өндірісі өнімінің экпортын арттыру;

- ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірістік кешендерінің техникалық дамуын тездету.

Сонымен қатар, Негізгі бағыттардың ажырамас бөлігі ретінде елеулі тауарлар мен экономикалық қызметтер түрлерінің тізімі жасақталған.

ЕЭК өндірістік саясат департаменті тараптармен бірлесіп кооперациялық жобалар туралы ортақ ұсыныстар жасақтады.

Негізгі бағыттар жобасын жасақтауда ЕЭК өндірістік саясат департаментінің осыған дейінгі еңбегі және Комиссияның ғылыми-зерттеу жұмыстары пайдаланылды.




Яндекс.Метрика