Инфрақұрылымның дамуы

СҚО-да 2 мың бала 2014-2015 оқу жылдары мектепке дейінгі ұйымдарға бағытталды

2015 жылы 1175 орын ұсыну жоспарланған, оның қазір 133 орны ашық, деп хабарлады қала әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан17 Наурыз , 10:19

 «Бүгінгі таңда кезекте тұрғандардың 230 құжаты қаралды. Тұрғындарды ақпараттандыру бойынша  жұмыстар жүргізіліп, кезекте тұрғандар бойынша мониторинг жүргізіліп, Ашық есік күні өтті», - делінген хабарламада.

Мектепке дейінгі мекемелерді топтастыру бойынша 2014-2015 оқу жылына 1877 бала бағытталды, оның 100 пайызы жеңілдік бойынша орындармен қамтылды, ол балалардың 12 пайызын құрайды. 2014 жылы қала прокуратурасы жүргізген тексеріс бойынша  балабақшалардағы кезек бойынша тәртіп бұзушылық анықталды. Қазіргі таңда білім беру бөліміне 1534 өтінім келіп түсті, ол кезекте тұрғандардың 14 пайызын қамтиды.

Әкімдікте хабарлағандай, 2015 жылы 1175 орын ұсыну жоспарланған, оның қазір 133 орны ашық. Жыл соңында 6 жасқа дейінгі  мектепке дейінгі  балалардың саны 56,5 пайызды құрады, ал 3-6 жас аралығында 86,8 пайызды құрады. 




Яндекс.Метрика