Ұлтаралық бірлік

Павлодарда ҚХА-ның 20 жылдығына арналған «Поэзия – барлық халық үшін бір» байқауы өтті

Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу аясында институттың Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасы Павлодар облыстық жастар Конгрессімен бірлесе отырып, «Поэзия – барлық халық үшін бір!» атты облыстық ақындар байқауын өткізді.
Павлодар17 Наурыз , 10:01

Білім және ғылым министрлігі хабарлағандай, байқаудың басты мақсаты – талантты ақындарды шығару, олардың шығармаларын оқырмандар, әдебиетшілер мен баспагерлер ортасында көрсету, шығармашылық өсуді шыңдау, заманауи поэзияға қоғамның назарын аударту. 

Байқауға қазақ, орыс және Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың тілінде жазатын 14 пен 29 жас аралығындағы авторлар қатысты. 

Жыр додасына қатысуға отыздан астам үміткер өтініш білдірді. Олардың ішінде: жоо және колледж студенттері, сонымен қатар, облыс аймағында қызмет ететін жастар қатысты. Құрамында өлкеміздің ақындары мен филолог ғалымдары бар қазылар алқасы алпысқа жуық өлеңді бағалады.Ұйымдастырушы комитет «Поэзия – барлық халық үшін бір!» байқауы жастардың шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік туғызғанына, Қазақстан халықтары арасындағы мәдениаралық ынтымақтастық пен рухани бірліктің рухани сақталуын біріктіргеніне сенім білдіреді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика