Өңірлер

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 1 миллион гектардан асатын болады

Қарағанды облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2015 жылы 1 миллион 96,3 мың гектарды құрайтын болады, деді ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бауыржан Асанов аппарат қызметкерлерімен болған мәжілісте.
Қарағанды17 Наурыз , 09:42

Оның сөзінше, жаздық егіс көлемін 771,3 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде дәнді дақылдар мен бұршақдәнділер 704,3 мың гектарға, майлы дақылдар 27,1 мың гектарға, мал азығы дақылдары 30,5 мың гектарға егілетін болады. 

«Облыстың шаруашылық саласының барлығында картоп отырғызылады, оның көлемі 13,7 мың гектар болса, көкөністер 3 мың гектар аумаққа отырғызылмақ. Өсімдік шаруашылығы саласын әртараптандыру жоспарына сәйкес, бидай 18,1 мың гектарға қысқартылмақ, ал оның орнына өзге дәнді дақылдардың егіс көлемі ұлғайып отыр. Олардың ішінде арпа 18,7 гектарды, сұлы 3,2 мың гектарды, және мал азығы дақылдары 2,8 мың гектарға ұлғаятын болады»,-деді басқарма бастығы.

Оның сөзінше, аймақта ылғалресурстарын үнемдеу технологиялары 565,2 мың гектарға немесе дәнді дақылдар егістігінің 80,7 пайызына енгізу жоспарланып отыр. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 94 мың гектарға көп.

«Көктемгі егіс жұмыстары үшін 71,6 тонна дәнді дақылдардың тұқымдары дайын, сондай-ақ 27,7 мың тонна картопты отырғызуға арналған материалдар бар. Осының барлығы біздің тұқымдарға деген сұранысымызды 100 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Ал, көктемгі дала жұмыстарына 20 мыңға жуық ауыл шаруашылығына арналған техникалар пайдаланылады. Оның ішінде 5 мың 600 трактор, 125 дән сепкіш, 6 мың 941 тұқым сепкіш техникалар бар. Бүгінгі таңда тракторлардың дайындығы 89 пайызды, дән сепкіштер 87 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ 17 мың тонна арзандатылған отын бар», - деді түсіндірді Б.Асанов.

Аталғандармен қоса, еліміздегі агроөнеркәсіп кешендері субьектілерін қолдау бойынша көктемгі –дала жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру «ҚазАгро» басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы  арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда осы бағытқа 962 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.  Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын  жүргізуге субсидия ретінде 2,2 миллиард теңге жұмсалмақ. Мәжіліс соңында  Нұрмұхамбет Әбдібеков ауылдық округ әкімдеріне көктемгі дала жұмыстарын талапқа сай жүзеге асыру мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.  

  

  

 




Яндекс.Метрика