Үкімет

ҚР Үкіметінде ҮЕҰ-ға мемлекеттік органдардың көрсететін маңызды мемлекеттік қызмет өкілеттілігін беру мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Елбасының берген тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді. Алқа отырысында ҮЕҰ-ға мемлекеттік органдардың көрсететін маңызды мемлекеттік қызмет өкілеттілігін беру және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыру мәселесі қаралды, деп хабарлады primeminister.kz.
Астана қаласы17 Наурыз , 08:53

Келелі кеңеске орталық басқару органдарының, қоғамдық ұйымдардың, Қазақстанның Азаматтық альянсы басшылары қатысты.

«Бүгінде үкіметтік емес сектордың белсенді азаматтық қоғам сегменті бар, ол маңызды қоғамдық міндеттерді атқара алады.Елімізде 20 мыңнан астам ҮЕҰ-лар жұмыс істейді. Олардың қызмет аясы шектелмеген және аталмыш сектордың мүмкіншіліктерін мемлекет, бизнес және шетелдік ұйымдар белсенді пайдаланып келеді», - деп атап өтті Б.Сапарбаев. 

Сонымен қатар, вице-премьердің есептеуінше, «мұндай тәжірибе тапсырысты орнататын мемлекеттік орган өзі қалаған салада ғана ынтымақтастықты қарастырады». 

«Бұл ҮЕҰ гуманитарлық мүмкіндіктерін толығымен пайдалануға жол бермейді, оның үстіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жұмыс барысында ауқымды қаржылай көмек алмаған жағдайда сектордың материалдық техникалық дамуын тежейді», - деп толқытырды ол.

Осы ретте, вице-премьер құрамына мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері кіретін жұмыс тобын құруды тапсырды. Оның міндеті мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның өзара жұмысын оңтайландыру бойынша заңнамалық негізде ұсыныстар жасақтау болады. 




Яндекс.Метрика