Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР-ның Чехия, Әзірбайжан мен Қырғызстандағы елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Чехия, Әзірбайжан мен Қырғызстандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы17 Наурыз , 08:36

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен:

Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды  және ол Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды;

Айымдос Ерсайынұлы Бозжігітов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды  және ол Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.




Яндекс.Метрика