Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Австрия денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты дамытады

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-австрия жұмыс тобының үшінші отырысы болып өтті.
Астана қаласы16 Наурыз , 20:08

Министрліктен хабарлағандай, Қазақстан жағынан жұмыс тобының тең төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекова Қазақстанда бүгінгі таңда медициналық туризмді дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанына тоқталып, австриялық тарапты аталған салада тығыз ынтымақтастық орнатуға шақырды. Оған қоса, жиынға қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына байланысты дәрілік құралдар және медициналық мақсаттағы бұйымдар нарығында мүмкіндіктер кеңейе түскеніне назар аударды

Тараптар екіжақты жобаларды табысты іске асыру мақсатында жұмыс тобы аясында жаңа жобалар туралы белсенді ақпарат алмасуға келісті.  

«Жиында австриялық компаниялардың өкілдері нысандарды басқару, ауруханаларды жобалау және жетекшілік ету, жаңа технологиялардың трансферті сияқты салаларда ынтамақтастыққа қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық және электрондық технологиялар, кешенді медициналық шешімдер саласында бірлесіп жұмыс істеуге мүдделік танытты», - делінген хабарламада.     

Жиын қорытындысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-австрия жұмыс тобының келесі отырысын 2016 жылы Австрияда өткізуге келісті. 




Яндекс.Метрика