Халықаралық интеграция

Алматыда Қазақстан мен Венгрияның ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Алматы қаласында Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековпен Венгрия ауыл шаруашылығы министрі Шандора Фазекашамен екі жақты келіссөздер өтті, деп хабарлады АШМ.
Алматы қаласы16 Наурыз , 18:39

Тараптар ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында екі елдің ынтымақтастығын талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніне инвестицияларды тарту сұрақтары көтерілді.

Бүгінде бірнеше ірі венгрлік компаниялар Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын салу мүмкіндігін қарастыруда.

Соған қоса, Венгриядан Қазақстанға ірі қара мал етінің экспортын ашу және Қазақстандық-Венгрлік қордың тікелей инвестияларын құру мәселелері талқыланды.

Ертерек, Будапешт қ. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен Венгрияның экспорттық-импорттық банкі мен Қорды ашу аясында өзара келісу бойынша Меморандумға қол қойылды.

Қордың мақсаты Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің жобаларын инвестициялау болып табылады. Қордың жарғылық капиталы 50%  көлемінде венгрлік тарап пен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның үлестік қатысуымен  40 млн. АҚШ долларын құрамақ. Венгрлік тараптың серіктестігі Венгрияның экспорттық-импорттық банкі болмақ.

Сондай-ақ, «КазАгроИнновация» АҚ ғылыми-зерттеу институттарымен Венгрияның Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу, тұқым шаруашылығы, селекция және гендік қормен алмасу бойынша бірлескен ғылыми зерттеулерді өткізу аясында ұсыныстар жолданды.

«Витафорт» венгрлік компаниясы Қазақстанда сүт саласымен мал шаруашылығына арналған жемшөпті өндіруді инвестициялау бойынша қызығушылық танытты. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы азықтың дақылдар нарығын саралауда. Өткен жылы компания өкілдері бірінші агроөнеркәсіп инвестициялық форумына қатысып, Ақмола облысындағы «Қазгер құс» ЖШС  пен Қарағанды облысындағы «Мелькомбинат» АҚ аралады.

Кездесу барысында Министрлер венгрлік азық-түлік тауарларының көрмесіне қатысты.

 




Яндекс.Метрика