Халықаралық интеграция

Астанада Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті

2015 жылғы 16 наурызда Астанада Қазақстан-Австрия Іскерлік кеңесінің ІІІ-отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық палата.
Астана қаласы16 Наурыз , 18:31

Отырыс барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ екі елдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша ақпараттар ортаға салынды.

Сонымен бірге, бірқатар қазақстандық және австриялық компаниялардың басшылары «В2В» форматында кездесу өткізіп, көлік-логистика саласы, машина жасау, мұнай-газ саласы, энергетика және құрылыс саласы, тағам өнеркәсібі және медицина саласына қатысты өзара ынтымақтастыққа қатысты  сұрақтарды талқылады. 

Қазақстан тарапынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев Іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде қатысты. Австрия тарапынан Іскерлік кеңесті Австрия экономика палатасының вице-президенті доктор Рихард Шенц басшылық етті.

Отырыс барысында «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС, «KazNexInvest» АҚ, «Тобол» ӘКК» АҚ және т.б. кәсіпорындар өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.

Қазақтан-Австрия Іскерлік кеңесін құрудағы мақсат – Қазақстан мен Австрия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға, сауда және инвестициялық әріптестікті жаңғыртуға, екі елдің іскер топтары арасындағы қарым-қатынасты нығайту, екі ел кәсіпкерлері үшін бизнес ахуалды жақсарту. 

 

 

 




Яндекс.Метрика