Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Ортсайлауком дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітті – ҚР ОСК

16 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу және оған өз кандидатурасын қолдап қолдар жинау үшін қол қою парақтарын беру туралы қаулы қабылданды, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Астана қаласы16 Наурыз , 17:49

Сонымен қатар, Ортсайлауком Серік Тасқараұлы Мұқаштың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты оны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда, алған үміткерге қатысты жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша Орталық сайлау комиссиясы лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 15 наурыздағы № 15 қорытындысына сәйкес Серік Тасқараұлы Мұқашты мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деп анықтады.  

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы» қаулыға сәйкес,    Мұрат Айтжанұлы Телібековтің мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімін өтуден бас тартуына байланысты оны Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тартты. 

Бұдан басқа Ортсайлауком дауыс беруге арналған жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу жөніндегі нұсқаулықты бекітті. Аталған құжат дауыс беру басталғанға дейін отыз минут бұрын учаскелік сайлау комиссиясы жүргізетін жәшіктерді пломбалау немесе мөрлеу рәсімін айқындайды.

 

 




Яндекс.Метрика