Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Қалыбай мемлекеттік тілді еркін меңгерген – лингвитикалық комиссия

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады ОСК.
Астана қаласы16 Наурыз , 17:16

Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жарылқап Сейдләұлы Қалыбайдың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы шешім қабылдады.

«Кандидат жазбаша тапсырманы қатесіз орындады, «Отты жылдар тағлымы» тақырыбын толық ашып, өз ойын жақсы әдеби деңгейде жеткізді. Екінші тапсырмада үміткер Бауыржан Момышұлының шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша кандидат  өз ойын қазақ тілінің барлық ережелері мен нормаларын сақтай отырып, еркін әрі стильдік жағынан сауатты, қисынына келтіріп баяндай білді. 15 минут сөйлеген сөзінің тақырыбы – «Мәдени мұра – байтақ қазына», - деп мәлімдеді  қорытынды шешімді жариялай отырып, лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 16 наурыздағы № 16 хаттамасымен ресімделді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.

 




Яндекс.Метрика