«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Қазақстан-2050» қозғалысы «Нұрлы жол» нысандарында 5 мыңнан астам ауыл жастарын жұмысқа орналастыруды жоспарлауда

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «Қазпошта»АҚ көмегімен «Нұрлы жол» аясында бой көтеріп жатқан нысандарға ауыл жастарын жұмысқа орналастыру бойынша жобаны бекітті, жоспарда 5 мыңнан астам ауыл жастарын жұмысқа орналастыру көзделген, деп мәлімдеді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің мүшесі Мұхтар Манкеев ОКҚ-да.
Астана қаласы 16 Наурыз, 16:38

Қазіргі таңда «Қазпошта»АҚ қолдауымен елдімекендерде «Нұрлы жол» бағдарламасының нысандарына жұмысқа орналасқысы келетін ауыл жастарынан өтініш қабылдау ұйымдастырылған.

«Аталмыш жоба біздің бастамамыз. Біз алдын ала Үкіметпен, атап айтар болсақ, ҚР Білім және ғылым министрлігімен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрліктерімен келіссөз жүргіздік», - деді ол.

Осы ретте,  Манкеев атап өткендей, өтініштерді қабылдау 26 наурызға дейін жалғасады. Ал, оның қорытындысы бойынша 30 наурызда еліміз бойынша жұмыс істегісі келетін ауыл жастарының тізімі жасақталады. Бүгінгі таңда 1000-нан астам өтініш келіп түсті. 

«Біздің мақсатымыз жұмысқа орналасуға көмектесу. Биыл біз пилоттық жоба ретінде іске қосып отырмыз, сондықтанда 5000 шамасында ауыл жастары жұмыспен қамтылады. Болашақта оның жұмысына мониторинг жүргізетін боламыз», - деп жалғастырды М. Манкеев.

Ұйымдастырушылар хабарлағандай, бұл жұмыстың қорытындысы бойынша қай жерде қанша жас бар екені, және қандай біліктілігі бар екені анықталады. Жастарды «Жасыл ел» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларының желісі арқылы орналастыру көзделуде.

Индира Кауметова

 





Яндекс.Метрика