Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ШҚО-да көлік саласын дамыту бойынша жоспар жасақталуда

Аппарат отырысы кезінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов жарты жыл ішінде автомобиль саласын дамыту бойынша жоспар әзірлеуді тапсырды, ол халықаралық талаптарға сай келуі керек, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан16 Наурыз , 18:04

«Қазақстандық қамту Қазақстанда дайындалатын өнімді өндіруге негізделу керек», - деді Д.Ахметов.

Осыған орай ол жұмыс тобын құрып, ірі консалтингтік компанияларды тарту мен 6 ай ішінде  халықаралық талаптарға сай келетін жоспар дайындауды ұсынды, ол «ШҚО автомобиль кластері» деп аталатын болады.

«Бұл ірі бірегей компания болады. Аталмыш жоспар кейіннен тек Өскеменде ғана емес, осы саладағы барлық кәсіпорында қолданылады», - деді ол.




Яндекс.Метрика