Халықаралық интеграция

Әскери қызметшілер халықаралық құқық саласында кәсіби даярлығын арттыруда

Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық бойынша азиялық серіктестеріне арналған қауіпсіздіктің әскери-саяси аспектілеріне қатысты конференция өтті. Аталған шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері де қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Әлемде16 Наурыз , 19:28

ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақты қысқартуды бақылау және инспекциялық қызметті қамтамасыз ету орталығы бастығының орынбасары полковник Ерлан Мәкімов конференцияның ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасында ЕҚЫҰ Тәртіп кодексінің орындалу және оның жоғарғы әскери білімді офицер мамандарды даярлауда қолдану туралы сөз сөйледі.

 Қазақстандық әскери қызметшілер әскери іс-қимылға қатысты халықаралық гуманитарлық құқық құжаттарын зерделейтін жоғарғы және орта білім беру орындарының (университеттерде, институттарда, колледждер мен әскери-оқу орындарында) жүйесі туралы айтып берді. Баяндамада ҚР Қарулы Күштерінде жеке құрам үшін халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері қамтылған мемлекеттік-құқықтық және кәсіби даярлық жүйесінде сабақтар жоспарланып, жүргізілетіндігі айтылады.

Сонымен қатар, конференцияда Қазақстан қатысушысы болып саналатын халықаралық шарттар тізімі таныстырылды. Бұдан өзге, терроризмді болдырмау және оған қарсы күрестегі ҚР Қарулы Күштерінің мақсаттары мен міндеттері айтылды.

Онда әскери-саяси ахуалды талдау, әскери қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің шама-шарқын және сипатын анықтау,терроризмге қарсы күрестің басты бағыттарын айқындау, терроризмге қарсы командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жаттығуларды даярлау және өткізумәселелері қамтылды. Конференция жұмысына Орталық Азия елдері, Моңғолия, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастық жөніндегі азиялық серіктестері: Ауғанстан, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея және Тайланд өкілдері қатысуда. Айт кетейік, осынау конференция 2008 жылы Қазақстанда өткен болатын.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика