Адами капитал

15 сәуірде «Қазақстан-2050» қозғалысы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған эсселер байқауын қорытындылайды

Биылғы жылдың 15-ші сәуірінде «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысы оқушылар арасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған эсселер байқауының қорытындысын шығарады. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Данат Жумин Орталық коммуникациялар қызметінде мәлім етті.
Астана қаласы16 Наурыз , 16:09

«Биыл біз үлкен мерекені атап өткелі отырмыз. Ол Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Біз мерекенің маңызын оқушыларға жеткізу қажет деп есептедік. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ Ұлы Отан соғысының мән-маңызын, оған еліміздің азаматтарының не үшін қатысқанын, олардың ерліктерінің маңызы неде деген сияқты мәселелерді жете түсіне бермейді. Осының барлығын түсіндіріп, оқушылардың өткен тарихқа деген қызығушылығын тудыру мақсатында эсселер байқауын ұйымдастырдық»,-деді Д.Жумин.

Айта кетейік, байқау 5-ші ақпанда басталды. Осы кезден бастап, биылғы жылдың  5-ші наурызына дейін оқушылардың еңбектері қабылданып келді. Байқауға барлығы 1 мың 500-ден астам еңбек қатысқан. Олардың ішінде шет мемлекеттерден келіп жатқандары да бар. Байқаудың қорытындысы биылғы жылдың 15-ші сәуірінде шығарылады.  

Қозғалыс көшбасшысының сөзінше, бұл балалар үшін өте маңызды байқау. «Оның мақсаты – өскелең ұрпақты өздерінің тарихтарын білуге ынталандыру, сол кездегі соғыстың мәнісін түсіндіру. Аға буынның арқасында бүгінгі ұрпақ фашизмнің не екенін білмейді. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат та осы», - деді Д. Жумин.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика