EXPO-2017

Астана мектептерінде ЭКСПО тақырбына арналған байқау өтті

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы қазақ бастауыш сыныптары арасында «ЭКСПО-2017 балалар шығармашылығында» атты қолөнер шеберлерінің байқауын өткізді.
Астана қаласы17 Наурыз , 09:27

Ұлттық компания хабарлағандай, байқау Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинеті мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өткізілді.

«Бұл байқауды өткізудегі мақсатымыз бастауыш сынып оқушыларының «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы түсінігін қалыптастыру, бала шығармашылы мен қиялын дамыта отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру», – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің басшысы Г.Ибраева.

Қаланың 48 мектебі осы байқауға қатысуға сұраныс беріп, белсенділік танытты. Оқушылардың ағаштан және металдан, керамикадан, қағаздан және қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлерінен дайындалған жұмыстары бағаланды.

Тақырыпты ашып, өздерінің бала қиялдарын «Болашақ мектебі» атты жобада ұштастырған №66 мектеп-лицейінің шығармашылық тобы мен «Жас өркен» мектебі 1-орынмен марапатталды. №69 мектеп-гимназиясы және №70 мектеп-лицейі 2-орын иеленсе, 3-орынды №10 мектеп-гимназиясы, №71 мектеп-лицейі және «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейі иеленді. 

 

 

 




Яндекс.Метрика