EXPO-2017

ҚР Мәжілісінің төрағасы фин компанияларын «ЭКСПО-2017» көрмесіне белсене қатысуға шақырды

Бүгін Парламентте Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Финлияндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Илкка Рэйсэненді қабылдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 16 Наурыз, 15:54

Мәжіліс Төрағасы  сауда-экономикалық байланыстың қарқынды дамып келе жатқанын сөз етіп, аталған елдің компанияларын Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды. 

Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, бүгінде, қазақстандық экономиканың маңызды бөліктерінде 80-нен астам бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. 

Ал, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат пен оның аясында жүзеге асырылып жатқан үдемелі-индустриялық даму бағдарламасы кәсіпкерлер үшін бұрынғыдан да зор мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Осы ретте Мәжіліс Спикері ТМД кеңістігінде қолға алына бастаған Еуразиялық экономикалық одақ басымдықтарын да назардан тыс қалдырмады. 

Өз кезегінде елші «Қазақстан-2050» Стратегиясына айрықша көңіл бөліп, оның өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуда ықпалы зор екенін алға тартты. 

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде парламентаралық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады.   

Әңгіме барысында алдағы уақытта екі елде өтетін сайлау науқандарына, атап айтсақ, Қазақстанда өтетін президенттік, Финлияндияда өтетін парламенттік сайлаулардың маңыздылығы айтылды.  

Кездесуге Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы   М. Әшімбаев қатысты. 

 

 





Яндекс.Метрика