Өңірлер

Павлодар облысында суармалы жер көлемі 33,6 мың га дейін ұлғайтылды

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы саласы 2014 жылды қорытындылап, болашаққа жоспарлармен бөлісті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар16 Наурыз , 16:27

Өткен жылы АӨК саласына қолдау көрсету үшін 12,8 млрд теңге бағытталды. Мемлекеттік қолдау шаралары жоғары репродуктивті өнімнің дәндерін егу алаңының көлемін 98%-ға дейін арттыруға, су үнемдеу технологиясын 379,2 мың га пайдалануға, егін алқабының үштен бір бөлігіне химиялық залалсыздандыру жүргізуге, 2013 жылмен салыстырғанда 10 мың га көп, яғни 35,2 мың га жерге миниралды тыңайтқыштарды шашуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, суармалы жерлердің көлемін арттыру жұмыстары тұрақты жүруде, өткен жылы оның көлемі 33,6 мың га жеткізілді, яғни тағы  6100 га қосылды.

Мал шаруашылығы саласында да өсім байқалады. Ет өндірісі 8,7%-ға, сүт 1%-ға, жұмыртқа  2,8%-ға, тері 2,1%-ға артты.

Мал шаруашылығының басымдылық берілген саласы «2011-2015 жылдары ірі қара мал еті экспортын дамыту» жобасын жүзеге асыру болып табылады. Ет экспорты бойынша жоспарлы көрсеткіштер толығымен орындалды. Өткен жылы тауар өндірушілер 948,3 тонна ет өнімін экспорттады, бұл жоспардың 111,7%-ын құрады.

Асыл тұқымдылар санын арттыруға келетін болсақ, облыстың көрсеткіші орташа республикалық деңгейде және 20%-ы құрады. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтар ІҚМ 4023 аналық мал басын және 134 асыл тұқымды бұқалар басын сатып алды, бұл жоспардың 100,6%.

Өсімдік шаруашылығында өнімдерді қайта өңідеуге 286 нысан, мал шаруашылығында 77 нысан ұсынылды.

Терең өңдеу өнімі сүт өндірісін жақсарту үшін 2014 жылдан бастап қайта өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы жүзеге асырылды. Сүт өңдеу кәсіпорындарына 332,3 млн теңге субсидия бөлінді, оның ішінде 315,4 млн теңге бөлінді.

Келелі кеңесті қорытындылаған әкім атап өткендей, агроөндіріс кешені инвестиция тарту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.  Жыл сайын жаңа өндіріс ошақтарын ашуға бағытталған 30-дай инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Барлық қаржыландыру көздері арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші кәсіпорындар заманауи технологиямен жабдықталуда.




Дерекнама

Яндекс.Метрика