Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Алматы әкімі метроның «Мәскеу» және «Сайран» жаңа бекеттерінде тексеру жүргізді

Алматы әкімі Ахметжан Есімов метрополитеннің «Мәскеу» және «Сайран» атты екі жаңа бекеттеріне инспектрлік тексеру жүргізіп, оларды пайдалануға беру дайындығының жоғары деңгейде екендігін атап өтті, деп хабарлады қала әкімдігі.
Алматы қаласы16 Наурыз , 19:46

Қазіргі кезде бұларда барлық тестілік тексерулер мен өзге де сараптамалық жұмыстар аяқталып қалды, қызметкерлер штаты анықталды.

Мегаполис басшысы жолаушылардың қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударып, жаңа бекеттердің барлық жүйелерін тағы да бір рет жіті тексеріп шығуды тапсырды.Негізінен, барлық тораптар мен агрегаттарды қайта сараптаудан өткізіп, қосу, жіберу мен реттеу жұмыстарының нәтижесін бақылау қажет екендігін айтты.

«Мәскеу» және «Сайран» бекеттерінің беріктігі ойдағыдай. Метро - спецификалық көлік,сондықтан мұнда бірінші кезекте жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жөн», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Мегаполис басшысы, жаңадан салынған «Сайран» және «Мәскеу» бекеттері іске қосылса, мамандардың болжамы бойынша жолаушылар қатары екі есеге артатынын жеткізді. Пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт болғанына қарамастан заманауи және экологиялық қауіпсіз көлік қала тұрғындары мен қонақтарының көңілінен шығып, еш үзіліссіз қызмет көрсетуде. Мысалы,егер алғашқы кездері метроны тәулігіне 13-14 мың адам пайдаланса, қазір олардың саны 24 мыңға жетіп отыр. Өткен жылдың аяғында тасымалданған жолаушылар саны 20 млн. адам болған.




Дерекнама

Яндекс.Метрика