Үкімет

Ақмола облысының ірі кәсіпорындары ШОБ субъектілерін тапсырыспен қамтамасыз етеді – Елбасы

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ кәсіпорнының қызметімен танысты, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Ақмола16 Наурыз , 13:57

«Мемлекет басшысы кәсіпорынның қызметімен танысып, құрастыру цехін аралады. Онда зауыттың негізгі өнімі дайындалады», - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев еңбек ұжымы мен өңірдің өндірістік кәсіпорын жетекшілерімен кездесті. Қазақстан Президенті облыстағы индустрияның кезең-кезеңімен дамуына назар аударды, ірі кәсіпорын орындары шағын және орта бизнес субъектілерін тапсырыспен қамтитынын айтты.

Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекет тарапынан өндірістік саланы дамыту үшін арнайы қаржы бөлініп жатыр.

«Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асуда. Өзге елдер зауыт санын қысқартып жатса, біз жаңа нысандар салудамыз. Осы жылы 75 жаңа кәсіпорында 3 мың адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ негізгі өнімі жүк таситын аударғыш және  арнайы техника. Өткен жылы зауыт 150 бірлік автотранспорттық өнім өндірді.

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика