Адами капитал

Атырау облысының ардагерлері “Өмір жолы” жобасы аясында арнайы батырмасы бар телефондарға ие болды

Атырау облысының ҰОС ардагерлері “Өмір жолы” жобасы аясында арнайы батырмасы бар телефондарға ие болды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Атырау16 Наурыз , 15:21

Еске сала кетейік, “Жеңіс” жобасы ҰОС ардагерлеріне арнайы ұялы телефондарды таратуда. Бұл құрылғы “SOS” батырмасымен жабдықталған. Оны басқан кезде қолданушы жедел жәрдем шақырып, қысқа уақыт аралығында қажетті медициналық көмек ала алады.

2015 жылдың 12 наурызындағы мәліметтерге сәйкес, 4 258 ұялы құрылғы ҚР 14 аймағына жеткізілді (Атырау облысы мен Алматы қаласынан басқа); 2 707 ҰОС ардагері “Өмір жолы” шұғыл көмек жүйесіне қосылды; 1 561 құрылғы қазір қосылу үстінде; 815 құрылғы осы жылдың наурыз айының соңына деін ҚР аймақтарына жеткізіледі.
 




Яндекс.Метрика