Ұлттың денсаулығы

Солтүстікқазақстандықтар Денсаулық күніне орай жаппай шаңғымен сырғанау шарасын ұйымдастырды

Бөрті ауылында шаңғы базасының аймағында Денсаулық күні өтіп, оған Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтнаов қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Солтүстік Қазақстан16 Наурыз , 20:29

Аталмыш шараның аясында жаппай шаңғымен сырғанау шарасы ұйымдастырылды. «Аталмыш спорттық шараға қатысушылар саны жылдан жылға артып келеді. Бұл әрине, қуанышты жағдай. Спортты дамыту үшін біздің облысымызда барлық жағдайлар жасалуда. Атап айтсақ, спорт алаңдары салынып, бұрыннын барлары жөндеуден өтуде. Спорт алаңдарының саны қазір  2,5 мыңнан асады. Олардың барлығы да жергілікті халық үшін қолжетімді. Осы кезде облыстағы спортпен белсенді айналысушылар саны 150 мыңнан асады»,-дейді аймақ басшысы.

Шаңғымен сырғанау 4 түрлі жас ерекшелігі бойынша ұйымдастырылды. Хабарламадан мәлім болғанындай, солтүстікқазақстандықтар таза ауада демалып, салауатты өмір салтын ұстанғанды дұрыс санайды. Спорттық іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, облыс пен қаладағы еңбек ұжымдары мектеп оқушылар, студенттер қатысты.       

  




Яндекс.Метрика