Адами капитал

ШҚО-да жас отбасылар «Мерейлі отбасы» бағдарламасы бойынша слетке қатысуда

ШҚО-ның Жастар орталығы ғимаратында «Мерейлі отбасы» бағдарламасы аясында жас отбасылар арасында слет өтті.
Шығыс Қазақстан16 Наурыз , 15:04

Облыс әкімдігі хабарлағандай, слетке 20-30 жас аралығындағы отбасылар, жастар, қоғамдық ұйымдар, мекеме, бөлім басшылары қатысты. Слеттің мақсаты: отбасылар өз өнерлерін көрсету арқылы өскелең ұрпақтың арасында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, отбасының қызықты естеліктерін көрсету, ауданның өнерлі отбасыларын дәріптеп, марапаттау арқылы өнер жолына баулу болып табылды. 

Мағынасы зор бұл шараға ауданнан үш отбасы қатысты. Атап айтқанда: Дөненбаева Арайлым мен Оралбаев Қуандық, Мұхаметқалиев Серік пен Мұхаметқалиева Айнұр, Нұрланұлы Роллан мен Нұрланұлы Ақмарал. Таныстыру бөлімінде олар өздерін таныстыра отырып, қызықты сәттерінен слайд көрсетті.

Слайдта отбасы құндылықтары мен қазіргі жас отбасы өмірі, балаларының қызықтары баяндалды. Келесі кезеңде «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында әр жұп өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде «Әр түрлі бағыттағы сән үлгілері» тақырыбында дефиле, яғни әр жұп өздерінің ерекшелігін, даралығын киім үлгісімен және әшекейлер арқылы көрсетті. 

Слетке қатысушылардың барлығына дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Соңынан мерекелік концертпен ұштасты. Бұл шараға барлығы 65 адам қатысты.

 

 

 




Яндекс.Метрика