Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Мәдениет қайраткерлері қазақстандықтарды ҚР Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырды (ФОТО)

Бүгін «Астана Операда» Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасын талқылауға арналған жиын өтті, онда Қазақстанның мәдениет қайраткерлері қазақстандықтарды 2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін Қазақстан Республикасы Президенті сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Астана қаласы 16 Наурыз, 12:47

«Бүгінде біздің еліміз халықаралық қарым-қатынастың орталығында тұр. Қазақтандық бейбітшілік пен келісім үлгісі көптеген елдерде зерттеліп жатыр. Біз осы қиын қыстау кезеңде әр қазақстандық Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауна белсенді қатысу керек екеніне сенімдіміз. Бұл әр адамның азаматтық және патриоттық борышы», - деп мәлімдеді Астана қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Нарима Мухамбеталина.

Н. Мухамбеталина атап өткендей, аталмыш шарамен мәдениет саласының қызметкерлері мәдени тұжырымдама Қазақстанның жалпы дамуының бағдарын анықтайтынын көрсеткісі келген.

«Қазіргі таңда біз жолдарымызды қайта қарап жатырмыз, себебі мәдениет саласы мемлекет өмірінің бір бөлігі, ал қазіргі таңда ол алдыңғы қатарға шықты. Біздің мәденитеміз жан-жақты танылуда. Мысалы 2014 жылы біз қазақи мәдениетпен көптеген аймақтарға барып қайттық. Санкт-Петербургте, Парижде Астана күндері өткізілді», - деп жалғастырды ол.

Айта кетерлік жайт, аталмыш шараға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері қатысты, атап айтар болсақ Нәсіпбек  Айтұлы, Ерік Жолжақсынов, Наталья  Косенко, Әсел Өміршина және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың 26 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Кезектен тыс ҚР Президентінің сайлауын өткізу туралы бастаманы Қазақстан халқы Ассамблеясы көтерді.

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика