Ұлттың денсаулығы

Ски-альпинизм және қарбасу ҚР ҚК әскери-қолданбалы спорт түрлері тізіміне енді

Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубында Достастық елдері Қарулы Күштерінің дене даярлығы және спорт органдары басшылығымен жаңа әскери қолданбалы спорт түрлерінің таныстырылымы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан16 Наурыз , 20:43

Аталған тұсаукесер Алматыдағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы Спорт комитетінің отырысында өтті. 2013-2014 жылдардан бастап Қарулы Күштерде жаңа әскери-қолданбалы спорт түрлерін дамыту және насихаттау жұмыстары басталды.

Олар – ски-альпинизм және қарбасу. Қарулы Күштер бөлімшелерінде жауынгерлік даярлық тапсырмаларды таулы жерлерде орындау барысында аталған спорт түрлерін іс жүзінде қолдану ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, ТМД елдері Қарулы Күштері өкілдерінің отырысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында армия достастығының І Әскери-спорт ойындарын өткізу, ТМД елдері әскери спорт объектілерін ынтымақтастық мүддеде бірлесіп қолдану, сондай-ақ Спорт комитетін дамыту стратегиясы туралы мәселелер қаралды.

Бұдан өзге, отырысқа қатысушылар 2017 жылы ІІІ Бүкіләлемдік әскери қысқы ойындарын өткізу сұрақтарын талқылады.

 




Яндекс.Метрика