Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

«Қорғас-шығыс қақпасы» портының құрылысшылары «Нұр Отанның» ҚР Президенттігіне Н.Назарбаевтың кандидатурасын ұсынғанын қолдайды

«Қорғас-Шығыс қақпасы» құрғақтағы айлағының құрылысшылары «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауына қатысу үшін кандидат ретінде ұсыну жөніндегі шешімін қолдады.
Алматы16 Наурыз , 14:32

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы жаһандық деңгейдегі тасымал жұмыстарын ұйымдастыру үшін Қазақстанда мықты индустриалды-логистикалық дистрибьюция орталығын құруға мүмкіндік береді.  Мемлекет басшысы көтерген «Нұрлы жол» бағдарламасы жаңа тәуекелдермен байланысты уақыт өткен сайын күрделеніп келе жатқан әлемдік үдерістерге қарсы тиімді шара болды»,-деді бөлім басшысы А.Варельджан.   

Бұдан соң «Нұр Отан» партиясының XVI  съезінің делегаттары Е.Нұрахметов пен Г.Макежанова сөйледі.

«Алматы облысының делегациясы құрамында мен алғаш рет «Нұр Отан» партиясының XVI съезіне қатыстым. Меніңше, партияның съезі еліміз үшін маңызды шара болды. Оған 2 мыңға жуық делегат қатысты. Өзінің сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлі де алға жылжуы қажеттігін айтты және алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс маңызды деген 5 реформа туралы айтып өтті. Еліміздің әрбір азаматы Елбасының бастамаларын ерекше қанағаттанарлық сезіммен қарсы алды деп ойлаймын»,- деді Гүлнәр Макежанова.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика