Білім беру

ЕҰУ-де Испан тілі орталығының ашылуы қос мемлекетті жақындастыра түседі – ректор

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Руи Гонсалес де Клавихо» атындағы Испан тілі орталығы ашылды.
Астана қаласы16 Наурыз , 14:49

ЕҰУ-де хабарлағандай, орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Испанияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мануэль Ларротча қатысып, лентасын қиды, құттықтау сөз сөйледі.

Елші өз сөзінде Еуразия ұлттық университетіндегі Испан тілі орталығы Орталық Азиядағы алғашқы игілікті іс екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Еуразия ұлттық университеті испандықтар үшін ең үздік жоғары оқу орны саналатынын жеткізді.

«Бүгінгі ашылып отырған шағын кабинет екі ел, қос мемлекетті бұрынғыдан да жақындастыра түседі», - деді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

Сондай-ақ, университетте испан тілі 2003 жылы екі жақты қол қойылған Меморандумнан бері оқытылып келе жатқанын тілге тиек етті.

Аталмыш шара «Испания елінің сыртқы саясаты» тақырыбындағы семинарға ұласты. Испания елшілігінің Миссия басшысының орынбасары Педро Соса «Испания елі: сыртқы саясат ұстанымы», халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы Айдар Құрмашев «Еуропа қауіпсіздігі мәселелеріне Испания көзқарасының өзгеруі», ҚГЗУ оқытушысы Айжан Кұсайынова «Испания дипломаттық мектебінің халықаралық қатынастар саласындағы магистратурасы» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар өз жұмысын белсенді қатысушыларға куәлік тапсыру рәсімімен қорытындылады.




Дерекнама

Яндекс.Метрика