Өңірлер

Астанада астық нарығына қатысушылардың қолында 49 мың тонна астық бар

2015 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Астана қаласындағы астық нарығына қатысушылардың қолында 49040 тонна астық болды, оның азық - түлікке жіберілгені - 49040 тонна, деп хабарлады қалалық статистика департаменті.
Астана қаласы16 Наурыз , 12:14

Азық-түлікке жіберілген негізгі дәнді дақыл бидай (азық-түлікке жіберілетін жалпы астық көлемінен 94,3%) болып табылады. 

Азық-түлікке жіберілетін дәндердің көбі (90,1%) қаладағы элеваторларда жиналған. Қаладағы ұн комбинаттарында қайта өңделетін 4515 тонна бидай, 119 тонна арпа, 44 тонна жүгері және 20 тонна қара бидай бар.




Яндекс.Метрика