Адами капитал

СҚО-да полиция қызметкерлері ҰОС ардагеріне көшеде қозғалатын арбаны сыйға тартты

СҚО-да ҰОС ардагеріне полиция қызметкерлері көшеде жүруі үшін арбаны сыйға тартты, деп хабарлады ҚР ІІМ.
Солтүстік Қазақстан16 Наурыз , 11:56

«Жеңістің 70-жылдығына орай өткізіліп жатқан «Өмір желісі» акциясы аясында әр 10 соғыс ардагерімен СҚО ІІД бастығы Берік Билялов пен ІІД ардагарлер кеңеінің төрағасы Сұраған Күпеев кездесті. Оларға жедел қызметтерді шақыру үшін дабыл түймесі бар ұялы телефондар сыйға берілді. Жеке әңгімелесу барысында Берік Билялов ардагерлердің проблемаларымен танысты», - делінген хабарламада.

Сталинград шайқасына қатысушы, «Қызыл жұлдыз» орденінің кавалері, «Ерлігі үшін» медалімен, «Милиция үздігі» төсбелісімен марапатталған 97 жастағы Джура Кобелев көшеде немере, шөберелерімен қыдырып жүру үшін қажет арбаның жоқтығына шағымданды.

Ведомстводан атап өткендей, бір апта өткен соң  оған шенді қонақтар арбаны сыйға тартқан. СҚО ІІД  бастығының орынбасары Виктор Букреев пен ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Күпеев ардагерге қажетті арбаны әкеліп берген. Ақсақал мен оның туысқандарының қуанышында шек болмады. «Қарапайым жауынгерге келіп генерал оған және оның отбасына көмектеседі. Шын жүректен сіздерге алғыс айтамын!», - деп ол ағынан жарылды.

ІІМ мәліметі бойынша, әр ардагердің денсаулығы мен өмірі СҚО ІІД тіркеуінде тұр. Олардың әрқайсысы ірі бөлімшелерге бекітіліп берілген, олардың қызметкерелері ардагерлерге  жиі барып тұрады және қажеттісінің орнын толтыруға бар күшін салады.




Яндекс.Метрика