EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК көрмені өткізу үшін 6 мың волонтер дайындайды

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК әлеуетті волонтерларды тарту мен дайындау бойынша тұжырымдама дайындады.
Астана қаласы16 Наурыз , 11:22

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК хабарлағандай, аталмыш тұжырымдама барысында компания 6 мың волонтер мен 300 супервайзерді дайындауды көздеуде. Олар волонтерліктің әр түрлі тобын басқаратын болады.

2015 жылы Ұлттық компания 300-500 адамнан волонтер-супервайзерларды дайындайды. Ол тек 18 жастағы жастар емес, одан да үлкен жастағы адамдар болуы мүмкін. Болашақта супервайзерлер басқа волонтерларды басқарады.

Ұлттық компания бұл қызмет үшін ақы төлейді немесе Үкіметтен ЭКСПО кезінде аталған қызметкерлердің  жалақысын сақтауды сұрайды. Волонтерларға қойылатын басты талап ағылшын тілін жетік білу.

Бүгіннің өзінде 500 волонтер көрме жұмысына қатысуға ниет білдіріп отыр. Компания қазір елдің жастар ұйымымен жұмыс істеуге ниетті. Қазақстанның волонтерлар Альянсы құрылды. Оның құрамына «Жас Отан» жастар қанаты, «Жасыл ел» республикалық штабы, жастар конгресі, КТК Ұлттық лигасы мен дебатшылар қауымдастығы енді.

Қазақстанның волонтерлар альянсы белсенді жастардың басын қосып, көрмеге дейін білікті мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. 




Яндекс.Метрика