Экология

Жамбыл облысының студенттері 200 көшет отырғызды

Жамбыл облысында «Мәңгілік ел - жасыл ел» атты жастар сенбілігі өтті. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, облыс тұрғындары, мекемелер мен кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жамбыл16 Наурыз , 10:43

Жамбыл облысының әкімдігі хабарлағандай, сенбілік барысында ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 200-ге жуық тал көшеттері отырғызылып, Тараз қаласы мен облыс аумағындағы барлық көшелер мен аула, ауыл аумақтары тазаланды.

Сенбілікті «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы мен облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды.

Жалпы, «Жасыл ел» еңбек жасақтарына тартылған жастардың күшімен барлығы 10 мыңға жуық түп ағаш отырғызылып, 120 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды. 2014 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарына жергілікті бюджеттен 11,4 млн. теңге қаржы бөлініп, облысымыздағы 300 жасты уақытша жұмыспен қамтуға мүмкіндік берілді.

Ағымдағы жылы бұл іс-шараға жергілікті бюджеттен 19 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, 400 жасты уақытша жұмыспен қамту жоспарланып отыр. 

 




Яндекс.Метрика