EXPO-2017

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК көрмені өткізгеннен кейін оның нысандарын пайдалану тұжырымдамасын жасақтауда

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрмені өткізгеннен кейін оның нысандарын пайдалану Тұжырымдамасын жасақтауда.
Астана қаласы16 Наурыз , 10:26

Ұлттық компанияның ақпараты бойынша көрме аясында барлығы 38 нысан бой көтереді, олардың ішінде ғылыми техникалық парк, мәдениет және өнер орталықтары, тұрғын үй кешендері мен қонақ үйлер, сауда аймағы, уақыт өткізу мен спорт, қоғамдық аймақтар бар.  Бұдан басқа, бірегей нысандар - Сфера тәріздес  павильон, үлкен ашық эстрада, 3000 орынға есептелген Конгресс-холл ашылады.

Сфера  ол  ЭКСПО-2017 көрмесінің басты нысаны, компания оның елордаға тарту етуді және кейіннен ,ғылыми орталық пен музейге айналдыруды көздеп отыр.

«Бұл музей орталықта соңғы инновациялық жетістіктер қойылар еді. Бұл қазақстандық студенттерге әлем жетістігін өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік берер еді. «Сфера» павильонының үстіңгі қабатын туристер мен елорда қонақтарына арналған көру алаңына айналдыру көзделуде», - делінген хабарламада.

Көрменің бұдан басқа аса маңызды нысандарының бірі  мамандандырылған жасыл энергетика мен экология паркі. Ол аяқталған соң Назарбаев Университетімен бірлесіп ғылыми консорциумның бір бөлігі ету жоспарлануда.

Халықаралық павильондарға келетін болсақ мұнда көптеген ұсыныстар бар. Сату немесе жалға беру, я болмаса министрліктер мен мемлекеттік ведомсвтолардың әкімшілік ғимараты ретінде пайдалану. Аталмыш ұлттық компания басшылығы жобасының Тұжырымдамасын ағымдағы жылы шілде айында Үкіметтің қарауына беру көзделген.




Яндекс.Метрика