Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қостанай облысының индустриалды аймағында сафлорды қайта өңдейтін база салу жоспарланып отыр

Қостанайда облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қазақстандық-ирандық «Кaz-ir Аgro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Хамидрез Забихоллах Алинагиянмиен кездесті.
Қостанай16 Наурыз , 11:05

Облыс әкімдігінің  хабарлауынша, кездесу аясында екіжақты ынтымақтастық пен Қостанай облысына инвестиция тарту мәселелері сөз болған.

«Қазіргі таңда «Kaz-Ir Agro» ЖШС сафлор өсірумен және сафлор майын қайта өңдеумен айныласытан ұжым. Оның өндіріс ошағы Жамбыл облысының аймағында орналасқан. Онда ай сайын 100 мың литр  май шығарылады, ал 2017 жылы компания  айына 500 мың литр май шығаруда жоспарлап отыр. Сафлор майы Ресей, Грузия, Иран, АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттерге экспортталады»,-делінген хабарламада.  

Қазақстандық-ирандық компания Жетіқара ауданының Волгоградск ауылында да өндіріс аймағын кеңейтуді көздеп отыр. Компания онда да сафлор өсіретін болады. Сонымен қатар индустриалды аймақта сафлорды қайта өңдейтін база салу көзделіп отыр.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, алдын ала болжамдар бойынша қайтап өңдейтін зауыт салу үшін 300 миллион теңгеге жуық қаражат қажет. Бұл ретте компанияның жеке өзінің қаржысы 50 миллион теңге болса, 250 миллион теңгені займ ретінде алу көзделіп отыр. Зауыттың қуаты алдын ала жоспар бойынша тәулігіне 7 тоннаны, ал жұмыс орындары 40 адамды құрайтын болады.  

Кездесудің қорытындысы бойынша компания Жетіқара ауданында жер бөлу үшін қажетті конкурсқа қатысатын болып келісілді. Конкурс биылғы жылдың наурыз айында өтеді. Жетіқара ауданында аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін  «Kaz-Ir Agro»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жергілікті атқарушы органдардармен бірлесіп, тиісті жұмыстар атқарады.   

    

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика