Адами капитал

«Мәңгі есімде» акциясы аясында 40-тан астам әскери майдангер бабалары жайында сыр шертті (Фото)

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70-жылдық мерейтойға арналған «Мәңгі есімізде» акциясына қатысуға қазақстандық әскери қызметшілерден 40-тан астам өтініш келіп түсті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 16 Наурыз, 09:53

Акцияға қатысушылар әңгімелеп беретін батырлар  – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы тарихының бір бөлігі. Тарихты бәріміз білуге міндеттіміз.

 «Гурьев қаласындағы педагогика техникумын бітіре сала менің атам Құслан Байәділұлы Дүйсембиев майданға аттанды. Қатардағы жауынгер болған ол 200-атқыш дивизиясының 661-полк құрамында шайқасты. Содан кейін жаңа 250-атқыштар дивизиясының 950-атқыштар полкінде зеңбірекшілер взводының командирі болды. Мен Ұлы отан соғысындағы батырлардың бірінің немересі екенімді мақтанышпен айта аламын. Атам сұрапыл соғыс жылдарында аман қалып, елге оралды», - деп акцияға қатысушылардың бірі Атырау облысының ҚІД жұмылдыру басқармасы жұмылдыру ресурстарын есепке алу және тағайындау бөлімінің бастығы лейтенант Асылбек Дүйсембиев әңгімелеп берді.

Арман болған жеңісті майдан ортасында қарсы алу ардагер Құслан Дүйсембиевке бұйырмады. 1944 жылы алған жарақаты салдарынан ол госпитальге түсті. Кейін елге қайтты. Соғыс туралы естеліктері оның айтқан әңгімелерінде, ескі хаттарында және наградаларында сақталды. Ардагер «1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысы», І дәрежелі «Құрмет», «Георгий Жуков» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Белорусь Республикасын азат еткені үшін», «ҰОС Жеңіске 50 жыл», «ҰОС Жеңіске 60 жыл» және т.б. медалдармен наградталған. Ұлы Отан соғысы жүз мыңдаған жазықсыз адамдардың өмірін жалмаған тарих ретінде өшпес із қалдырды. «Мәңгі есімізде» акциясы қазақстандық бірнеше буын өкілдерін біріктіріп қана қоймай, Ұлы Отан соғысының ұрыс даласында шайқасқан қазіргі әскери қызметшілер мен оладың туыстарын, сондай-ақ соғыс батырларын, олардың бірегей тарихы мен тағдырын білуге мүмкіндік береді.

Акция аясында алынған барлық фотосуреттер мозаика түрінде бірыңғай көрініс болып құрастырылады. Ол Қазақстанның барлық әскери бөлімдерінің баннерлеріне орналастырылып, Астанадағы салтанатты ашылу рәсімінде табыс етіледі.  

 





Яндекс.Метрика