Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Н. Назарбаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, деп хабарлады ОСК.
Астана қаласы15 Наурыз , 14:34

Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 59-бабы 5-тармағына сәйкес мынадай құжаттар ұсынылды:

1.«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты ұсыну туралы шешім қабылданған «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің  XVI съезінің осы қоғамдық бiрлестiктiң Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттамасынан үзінді;

1.Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру туралы өтiнiші;

2.Н.Ә. Назарбаевтың өмiрбаяндық деректерi;

3.Н.Ә. Назарбаевты қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;

кандидат пен оның зайыбының табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

5. кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс. Н. Ә. Назарбаевтың кандидатурасын қолдап елдің 16 өңірінің барлығынан өкілдік ететін сайлаушылардың 560 523 рас қолы жиналды.

Ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы олардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігін белгіледі және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика