Ұлттың денсаулығы

А.Голиусов: Орталық Азияда тұңғыш рет Қазақстанда АИТВ-инфекциясы жағдайларын бақылайтын электрондық қор енгізілді

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова АИТВ/ЖИТС жөніндегі БҰҰ Бірлескен бағдарламасының Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша Ізгі ниет елшісі, әнші, актриса және тележүргізуші Вера Брежневамен кездесті.
Астана қаласы 15 Наурыз, 12:07

Министрлікте хабарлағандай, кездесуде атап өтілгендей, Қазақстан Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері ішінде АИТВ-инвекциясы аз тараған елдердің қатарына жатқызылады. Қазіргі уақытта республикада АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Ел азаматтары арасында АИТВ-инфекциясының таралу көлемі 0,168% құрайды.

Республикада осы кезге дейін ел азаматтары арасында 22109 АИТВ-инфекциясы жағдайы тіркелді. Жыл сайын тұрғындардың 10%-дан астамы тексеріліп, АИТВ-инфекциясын анықтауға бағытталған 2 млн.-нан астам тест жүргізіледі.

Халықаралық ұсыныстарға сәйкес елімізде профилактика бағдарламаларының барлық компоненттері – АИТВ бойынша тестілеу және кеңес беру, АРТ емдеу, шприц алмастыру, мүшеқаптар мен ақпараттық-білім беру материалдарын тарату шаралары іске асырылады.

Қазақстан АИТВ/ЖИТС дертіне шалдыққан науқастарды мемлекет есебінен емдейтін (2009 жылдан) Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз мемлекет.

Республикада ЮНЭЙДС ұйымының Үшбірлікті қағидалары: бірегей салалық бағдарлама, мониторингілеу және бағалау жүйесі және бірегей үйлестіруші тетік сәтті іске асырылуда.

Орталық Азияда алғаш рет Қазақстанда АИТВ-инфекциясы жағдайларын бақылайтын электрондық қор енгізілді. Бұл жүйе жүргізілген емнің уақыттылығы мен сапасын бақылауға, елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстанда АИТВ инфекциясының анадан балаға жұғуына жол бермеу бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Соңғы жылдары мұндай бірнеше жағдай өзге елдерден келген АИТВ инфекциясын жұртырған және уақытында есепке тұрмаған жүкті әйелдер арасында тіркелді. Жалпы ел бойынша АИТВ дертін жұқтырған жүкті әйелдерді профилактикалық емдеу көлемі - 91,3%, балаларды қамту – 97,3% жетті.

Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша ЮНЭЙДС Ізгі ниет елшісі ретінде Вера Брежнева АИТВ инфекциясын жұқтырудың алдын алу жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады. Әсіресе, АИТВ дертін жұқтырған әйелдерге және вирустың анадан балаға берілуінің алдын алу, оларды бөлу және алалауды төмендетуге ерекше көңіл бөледі.





Дерекнама

Яндекс.Метрика