Халықаралық интеграция

ЮНЕСКО Бас директоры Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысады

Парижде ЮНЕСКО Штаб-пәтерінде өткен кездесу барысында Төтенше және өкілетті Елші, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Нұрлан Дәненов ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Боковаға ағымдағы жылғы 10 – 11 маусымда Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне қатысу үшін ресми шақыруды табыс етті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде16 Наурыз , 08:34

Осы Форумда талқылауға ұсынылған сұрақтардың ерекше өзектілігі аталынып өтті.ЮНЕСКО басшыларының және оның жоғары өкілдерінің 2006, 2009 және 2012 жылдары болып өткен Съез отырыстарына жиі қатысуын діни және саяси көшбасшылардың арасында жемісті диалог орнату маңыздылығын, олардың қазіргі әлемдегі жағдай үшін жауапкершілігін түсінетіндігінде деп тануға болады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Қазақстанның бастамасымен жарияланған Мәдениеттер жақындастығының халықаралық онжылдығын (2013-2022) өткізу туралы ЮНЕСКО-ның іс-қимылдар жоспарында жаhандық және аймақтық бастамалар тізіміне енгізілуі кездейсоқ емес.

Сонымен қатар, Елші И.Боковамен кездесуде ел басшылығының, жеке Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаhандық және аймақтық қауіпсіздікті күшейтуге, тиісті халықаралық диалогты қамтамасыз етуге, Қазақстанның одан әрі тұрақты дамуына байланысты жұмсап жатқан күш-жігеріне назар аударды. Осыған орай ЮНЕСКО басшысы «Нұрлы жол» Президент жолдауының негізгі қағидалары және бағыттарымен, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық қызметінің қорытындысымен таныстырылды. Бұған қоса Бас директорға Қазақстанның 2017-2018 жылдары болатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілетуге қатысты Астананың күш-жігері туралы ақпарат берілді.

ЮНЕСКО Бас директоры Президент Нұрсұлтан Назарбевтың Діни көшбасшылар съезін ұйымдастыру туралы бастамасын жоғары бағалап, оның қазіргі халықаралық контекстегі ерекше өзектілігін атап өтті. Таяу Шығыстағы және әлемнің басқа аймақтарындағы байқалып отырған оқиғалар қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешудегі мемлекеттердің, БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЮНЕСКО-ның, біріккен күш-жігерлерінің белсенділігін арттыру және келістіру туралы қажеттілігін дәлелдеп отыр.

ЮНЕСКО-ның Қазақстанмен мәдениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі өзара іс-қимылының деңгейі мен маңыздылығын ескере отырып, Бас директор Ирина Бокова алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысатындығын растады.

 




Яндекс.Метрика