Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

М.Жолдасбеков: ҚР Президенттігіне үміткер Ә.Құсайынов мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау рәсімінен өтті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновтың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады ҚР ОСК.
Астана қаласы14 Наурыз , 15:07

Болған емтиханның нәтижелері бойынша лингвистикалық комиссия ашық дауыс беру арқылы бірауыздан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновтың мемлекеттік тілді еркін меңгергені туралы шешім қабылдады.

 «Бүгін мемлекеттік тілді меңгергендігін анықтау рәсімінен Президенттікке кандидат Әбілғазы Құсайынов өтті. Кандидат үш тапсырма орындады. «Ел мен жер тағдыры» тақырыбына шығарма жазды, бұл ретте жалпы білімі деңгейінің жоғары екенін көрсетті, экологиялық мәселелерді шешудегі өз көзқарасын баяндап жазды. Жіберілген қателер саны – 6. Екінші тапсырма бойынша Мұхтар Әуезовтың прозасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша үміткер «Ырыс алды – ынтымақ» тақырыбында 15 минуттық сөз сөйледі, сөз сөйлеу кезінде өз ойын еркін жеткізе білетінін және әдеби тілді жақсы меңгергендігін көрсетті, ауқымды қоғамдық-саяси проблемаларды қозғай отырып, тақырыпты жан-жақты ашты, комиссия мүшелерінің сұрақтарына түбегейлі жауап берді», -  деп мәлімдеді Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.  

Шешім лингвистикалық комиссияның 2015 жылғы 14 наурыздағы № 14 хаттамасымен ресімделді.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен қатысты.




Яндекс.Метрика