Адами капитал

ҚР ҚМ Кадет корпусын 2 мыңнан астам сержант аяқтады (Фото)

1996 жылы Ш.Уәлиханов атындағы ҚР ҚМ Кадет корпусы құрылды. Осы жылы оны 2 200 сержант аяқтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 15 Наурыз, 11:34

«Осы уақыт аралығында ҚР Қарулы Күштерінің кіші командалық құрамы  2 200-ден астам мамандармен толықты.Бүгінгі таңда кадеттік әскери қызметшілер түрлі бөлімдер мен бөлімшелерде Қарулы Күштердің бас сержантынан бастап бөлімше командирлеріне дейінгі лауазымдарда әскери қызметтерін лайықты атқарып жүр. Жуырда әскери оқу орнында жаңа іріктеу басталады», - делінген хабарламада.

 Кадет корпусында оқуға 17 мен 21 жас аралығындағы жас азаматтар, сондай-ақ 23 жастан аспаған келісімшарт бойынша және мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер қабылданады. Оқу бағдарламасы бір жыл он ай мерзімге есептелген. Кадеттер бірінші курста өздеріне алдағы қызметте қажетті әскери істің маңызын зерделейді, әскери ант қабылдап, 10 жыл мерзімге келісімшарт жасасады. Екінші курста әскери тағылымдамадан өтуге кіріседі.

Олар ҚР ҚК әскери бөлімдеріне жіберіліп, ол жерлерде алған теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді қолдануға үйренеді, дағдылар мен тәжірибе жинақтайды. Кадеттер оқу аяқталысымен «басқару» мамандығы бойынша диплом алады, сонымен қатар «Әскери басқарудың (менеджер) кіші маманы» біліктілігі, «3-сыныпты БМП жүргізуші механигі» және «В», «С» санатындағы автокөлік жүргізушісі куәліктері беріледі. Кадет корпусы білікті әскери кадрлар даярлайтын оқу орны ретінде қалыптасқанына қарамастан әлі де даму, жетілу үстінде. Өткен жылы қосымша оқу циклдері құрылып, сержанттар құрамының бөлім және қызмет сержанты, оқытушы сержант сияқты жаңа лауазымдары енгізілді.  
 





Яндекс.Метрика