Білім беру

Македония қазақстандық студенттерге өз ЖОО-ларында білім алу үшін стипендия бөледі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев Македония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илья Псалтировпен кездесу өткізді, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Астана қаласы15 Наурыз , 10:04

Кездесу барысында Елші Македония Республикасының Білім және ғылым министрлігі Македонияның жоғары оқу орындарында (мемлекеттік университеттерінде) Қазақстан азаматтарына стипендия беру туралы жариялағанын хабарлады.

Атап айтқанда ағылшын тілінде Охрид қаласындағы Әулие Апостол Павел атындағы Ақпараттық Ғылым және технология университетінде білім алу. Сондай-ақ, македондық тілінде басқа да қол жетімді мемлекеттік университеттерінде білім алу 2015-2016 жылы қарастырылғандығын мәлімдеді. 

Сонымен қатар, алдағы уақытта Македония Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім саласында ынтымақтастық жасауға келісті. Осы орайда, екі ел арасында білім, ғылым саласында тығыз қарым-қатынас жасау мақсатында білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірлеуге келісті. 




Яндекс.Метрика