Адами капитал

Алматы облысында ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай «Донор күні» акциясы өтті (Фото)

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында бүгін Талдықорған қаласындағы облыстық қан құю орталығында «Донор күні» акциясы өтті.
Алматы 15 Наурыз, 15:01

Облыс әкімдігі хабарлағандай,  шараның ашылу рәсімінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев сөз сөйлеп, бұл бағыттағы жұмыстардың халық денсаулығы үшін жасалып жатқандығын жеткізді.

« Донордың қаны көптеген адамдардың өмірін сақтап қалатыны сөзсіз. Сол үшінде осындай шараларға жастар мен дені сау жандардың көптеп қатысуы қажет. Бүгін донор ретінде осы орталыққа мен де қан тапсыратын боламын», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Шараны ұйымдастырушылардың айтуынша соғыс жылдары донор қанының арқасында майдан алаңына тұрақтты түрде қан жөнелтіліп, көптеген жауынгерлер аман қалған. Бүгінгі күні де донорлық қанға сұраныс жоғары. Орталық директоры Нүсіп Исаевтың мәлімдеуінше мекемеге жылына 8 мың литр қан өткізіледі екен.





Яндекс.Метрика